
Дәрігерді үйге қашан шақыруға болады
Дене қызуы 38 °C-тан жоғары, қозғалу қиын жағдай, қозғалысы шектеулі пациенттер және 80 жастан асқан қарт адамдар, жіті аурумен ауыратын 5 жасқа дейінгі балалар, жаңа туған нәрестелерге патронаж.
Үш тәсіл
- Call-орталыққа қоңырау шалу: 8 771 612 20 01
Шақырулар Дс–Жм 08:00–20:00, Сб 09:00–18:00 қабылданады. 12:00-ге дейінгі шақырулар сол күні орындалады.
- Осы беттегі форманы толтыру
Шақыруды растау үшін оператор 30 минут ішінде қайта қоңырау шалады.
- eGov порталы немесе мобильді қосымша арқылы
«Денсаулық сақтау» бөлімі — «Дәрігерді үйге шақыру».